Если вы думаете, что главная задача больницы – лечить людей, то у администраторов от медицины в области Абай на этот счет свое мнение. Ревизионная комиссия зашла с проверкой в Управление здравоохранения и 12 подведомственных организаций. Итог шокирует: нарушения на 7,1 миллиарда тенге - это 30% от всех проверенных денег.
Ойыл ауданы Қаратал ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Әзірге 27 адам аудан орталығына жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ойылдың Қаратал (Ш.Берсиев) ауылының тұрғындары аудан орталығындағы эвакуациялық пунктілерге орналастырылып жатыр.

Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пунктретінде ұйымдастырылған. Бұл орындарға осы ауыл тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.

Сондай-ақ, дәрігерлік көмек қажет болса аудандық аурухананың барлық қызметкерлері әзір. Медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер бар. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реаниматолог, хирург, педиатрларымен бірге, № 2 Ақтөбе қалалық емхананың бас психологы да эвакуациялық пунктке барды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, кеше кешкілік тұрғындар жарығы, жылуы, суы жоқ мектеп қалғанын хабарлап, көмек сұрады. Кейін үш тікұшақ жіберу жөнінде шешім қабылданды.