2,751 просмотров
0 0 Поделиться


«Жаңа Esentai City ауданы әл-Фараби даңғылынан жоғары, 46га аумақта, заманауи үш қабатты үйлерден тұрғызылатын болады»,-деп мәлімдейді hommes.kz сайты.


«ESENTAI CITY – Алматының ең жайлы бөліктерінің бірінде, Есентай өзені жағалауында, үлкен аумақта орналасқан жаңа, төменқабатты аудан. Үлкен қалаларда жұмысқа жаяу серуендеп бару өте жоғары бағаланады, сондықтан, барлық аудан орталық бақ арқылы екі концептуалды бөлікке бөлінеді: өмір сүруге арналған аумақ(пәтерлер, үйлер) және жұмысқа арналған аумақ(кеңселер)... Бұл – жайлы өмір мен жұмысты қалайтын жандарға арналған нағыз қалашық. Меніңше сондықтан да біздің жобаға әкімдік қолдау білдіріп отыр»,-дейді аталған проектінің бас архитекторы Роландас Ключинкас.


Жобаны Almaty Vilnius Architects компаниясы дайындады. Бұл компанияның жобаларына Алматыдағы Parmigiano, East, Colibri сауда орталығы, Ritz-Carlton Residences, Esentai River Townhouse т.б. танымал орындар жатады.


Esentai City-де басты назар экологиялық бағытқа аударылады. Бұл дегеніміз – жасыл аумақтардың көптігі, территорияның күн батареяларынан жарықтандырылуы, қоқыс жинаудың жаңа үлгісі, электромобилдерді қуаттайтын станциялар.


Тұрғын үй кешендерінен басқа Esentai City ауданында 46 кеңсе ғимараттары соғылатын болады. Кешеннің іскер бөлігінің операторы ретінде Estate Management Company компаниясы таңдалған.


Жаңа ауданда пәтерлер барынша жарық әрі кең етіп жобаланған. Пәтерлердің аумағы – 94-тен 139 шаршы метрге дейін болады. Ауданда өмірге қажетті барлық нысан түрлері – қонақ үй, банк, сұлулық салондары т.б. салынады. Тұрғындардың жайлы қозғалысы үшін ауданда электрлі автобус жүреді.


Алғашқы 318 пәтерден тұратын кезектің аяқталуы 2017 жылдың қазанына жоспарлануда. Пәтерлер 100%-қ төлем кезінде бір шаршы метрге – 600 000 теңге, бөліп төлеу барысында – 650 000 теңгеден тұратын болады.





Другие новости