5,803 просмотров
0 0 Поделиться



Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстан аруы-2016" байқауының қатысушылары таныстырылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.




Осымен 20-шы рет өткелі отқан конкурс республика тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.



Бұл жылы конкурстың міндетті кезеңдерінің біріне Қазақстанның ұлы әйелдерінің бірі туралы әңгімелеу кіретін көрінеді. Сұлулық байқауын тележүргізуші Динара Сәтжан мен "Астана Опера" театрының солисті Сүндет Байғожин жүргізбек екен. "Биыл конкурста Әлия Молдағұлова, Күләш Байсейітова, Мәншүк Мәметова туралы баяндалады. Бұл қатысушылар үшін үлкен мәртебе", — деді Динара Сәтжан баспасөз конференциясы барысында.


"Бәрі әділ өтуі үшін СМС дауыс беру қауіпсіздігі бойынша шаралар қолданылды. Ұлттық әділ қазы бес финалистті таңдап алып, артынша СМС арқылы жеңімпаз анықталады. Бұл жылы сыйақы қоры 5 миллион теңге", — деді конкурс ұйымдастырушысы Алена Ривлина-Кырбасова.



Конкурс 10 желтоқсан күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.




Другие новости