В Казахстане продолжается расширение программ содействия занятости. По данным Министерства труда, на 1 декабря 2025 года различными активными мерами было охвачено около 296 тысяч человек, а число трудоустроенных достигло 821,1 тысячи граждан.
Бұған дейін аталған кәсіпорынның екі кран машинисі күйіп, оның бірі ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік. Жас қыздың денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform. Ақсу ферроқорытпа зауытынан хабарланғандай, жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, бірі медициналық тексерістен кейін үйіне қайтарылды. Белгілі болғандай, зардап шеккен 25 жасар қыз Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға жатқызылған. «Өндірістік жарақат салдарынан пациенттің денесінің 80-85 пайызын термиялық күйік шалған. Басы, бет әлпеті, мойны, кеудесі, қол-аяқтары күйіп қалған, күйік шогының үшінші-төртінші дәрежесі тіркеліп отыр. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде, комада жатыр, өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылған», деп хабарлады №1 Павлодар қалалық ауруханасынан.