Казахстанские экспортеры зерна уже в текущем году могут начать отгрузку пшеницы нового урожая, чтобы в начале 2026 года получить компенсацию транспортных расходов. Об этом сообщили в Министерстве сельского хозяйства РК.
Бүгін Алматы облысының қылмыстық істер бойынша аудандық мамандандырылған сотында Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды BNews.kz.
Бақытбек Есентаев бірнеше бап бойынша кінәлі деп танылған болатын, соның ішінде зорлық әрекетімен қоса, адам өлтіру ниеті бар.
Сот Бақытбек Есентаевқа қатаң режимдегі колонияда 9 жыл мерзіміндегі жаза туралы үкім шығарды. Есентаевтың қорғаушылары шешімге қарсы арызданбақ ниетте.
Өткен дүйсенбі күні болған отырыс кезінде, Баян Мақсатқызының тарабы оның бұрынғы жұбайының ниетінде адам өлтіруге әрекеттену болмағанын айтып, соттан оның толықтай ақталуын сұраған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, даулы іс 10 шілдеде Бақытбек Есентаевтың Баян Мақсатқызына жасаған қастандығынан басталып, бүгінге дейін жалғасып келеді.
Кейінірек, Баян өзінің бұрынғы күйеуін кешіріп, мәлімдеме жасаған еді. Бұл шешімін продюсер оның жақсы күйеу, керемет әке болғанымен түсіндірген болатын.